Accessibility links

Дания қоғамдық орында бетті бүркеп жабатын киімге тыйым салды


Бетін бүркеп жауып алған әйелдер Дания парламентіндегі бетті бүркеп жабатын тыйым салатын заңды талқылауды тыңдап отыр. Копенгаген, 31 мамыр 2018 жыл.
Бетін бүркеп жауып алған әйелдер Дания парламентіндегі бетті бүркеп жабатын тыйым салатын заңды талқылауды тыңдап отыр. Копенгаген, 31 мамыр 2018 жыл.

Дания парламенті қоғамдық орындарда бет әлпетті жауып жүретін мұсылмандардың ниқаб пен бурка сияқты киімдерін киюге тыйым салатын заң қабылдады. Тек мотоцикл жүргізетіндер киетін бас киім-шлемге бұл заңның қатысы жоқ.

Заң 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Заңды бірінші рет бұзғандарға бір мың дат кроны (160$) көлемінде айыппұл салынады. Екінші рет бұзса, айыппұл көлемі 10 мың кронға дейін өсуі мүмкін. Заң талаптары Дания азаматтарынан өзге туристерге де қатысты.

Жергілікті The Local басылымының жазуынша, полиция заңды бұзған әйелдердің бас киімін күштеп шештірмейді. Оларды үйіне қайтуын сұрайды. Алыста тұратындарды полиция учаскесіне алып барады, ол жақтан туыстарының бірі алып кетуі тиіс.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы жаңа заңды мұсылман әйелдерінің құқығын бұзады деп сынға алды. The Local мәліметінше, Данияда бетін бүркеп жауып жүретін 200-ге жуық мұсылман әйел бар. Үкімет жаңа заң хиджаб немесе мұсылмандардың басқа да діни киімідеріне шектеу қоймайтынын айтады.

Осыған дейін бетті түгел жауып тұратын бас киімдер киюге Болгария, Австрия, Бельгия, Франция, Швейцария мен Францияның кейбір аудандары және Канаданың Квебек провинциясы тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG