Accessibility links

Шымкентте ондаған мың оқушы қатысқан ресми шеру өтті


Шымкенттегі балаларды қорғау күніне арналған, балалар қатысқан ресми митинг. 1 маусым 2018 жыл.

Маусымның 1-і күні Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Шабыт" шеруі өтіп, оған ондаған мың оқушы қатысты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Оқушылар музыкалық оркестерлер және ансамбльдермен бірге орталық стадионның алаңын жүріп өтті. Шеруді бірнеше ұлттың балалары бейнеленген арнайы көлік бастап, қаладағы әр мектептен елу шақты бала жалғастырды.

Оқушылардың шеруінен соң сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мұндай шерулер "оқушыларға патриоттық тәрбие беретінін" айтып, жиналғандарды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Мерекелік шараны мың оқушы бір мезетте домбырамен күй шертіп қорытындылады.

Таңғы сағат 9-ға жоспарланған шараға бір сағат уақыт қалғанда орталық стадион маңындағы жолды жапқан полицейлер сағат 10-ға дейін балалардың қауіпсіздігін бақылап тұрды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Шымкент қаласынан бөлек облыстағы барлық ауданда 200 мыңға жуық оқушы шеру өткізген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews18.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:19 0:00
XS
SM
MD
LG