Accessibility links

ОҚО-да құжатсыз жүрген 561 адам анықталған


Шахноза Хасанова (сол жақта), "Сана сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығының өкілі. Шымкент, 1 маусым 2018 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 2017 жылы құжатсыз жүрген 561 адам анықталды. Бұл туралы маусымның 1-і күні Шымкенттегі "Оңтүстік" ақпарат орталығында "Сана сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығының өкілі Шахноза Хасанова хабарлады.

Шахноза Хасанованың айтуынша, азаматтарды құжаттандыру бойынша орталық БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасымен арнайы жоба негізінде бірге жұмыс істеген. 561 адамның 119-ы - балалар. Қазірге дейін олардың 203-і құжат алған.

- Қазақстанда ата-анасының құжаты жоқ болса, олардың балалары да құжатсыз қалады. Егер баланың ата-анасының бірінің жеке куәлігінің мерзімі өтсе, ата-анасының бірі шетел азаматы болса, немесе шетел азаматының көші-қон карточкасының мерзімі өтсе де жаңа туған балаға туу туралы куәлік берілмейді. Перзентханада тек туу туралы анықтама беріледі. Бұл анықтама бір ай ғана пайдалануға жарайды, - дейді Шахноза Хасанова.

Ол балалардың туу туралы куәлігін алу үшін әуелі ата-анасы құжат алатынын айтады. "Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаты болмаса, баласына туу туралы куәлік алып беру мүмкін емес" дейді ол.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG