Accessibility links

Белсенді Сүйін Абулда Ардақ Әшіммен татуласу шартын айтты


Белсенді Сүйін Абулда азаматтық белсенді Ардақ Әшімге қарсы сот процесінде сөйлеп тұр. Шымкент, 1 маусым 2018 жыл.
Белсенді Сүйін Абулда азаматтық белсенді Ардақ Әшімге қарсы сот процесінде сөйлеп тұр. Шымкент, 1 маусым 2018 жыл.

Маусымның 1-і күні Шымкенттегі Абай аудандық соты азаматтық белсенді Ардақ Әшімнің үстінен белсенді Сүйін Абулданың түсірген жеке шағымын одан ары қарады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сот отырысына шағымданушы белсенді Сүйін Абулда мен оның жақтаушылары, Ардақ Әшімнің қызы әрі сенімді өкілі Айнұр Әшім мен туыстары қатысып жатыр. Сот отырысына белсенді Ардақ Әшім келмеді. Сотқа судья Қанат Мылтықбаев төрағалық етуде.

Сүйін Абулда судьяға Ардақ Әшімді Facebook әлеуметтік желісінде ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиіп жазба жазғаны үшін шағым түсіргенін айтты. "Егер Ардақ Әшімнің жүйке аурулары ауруханасында тіркеуде екенін, енді мен туралы жазба жазбайтынына кепіл беретін адам болса татуласуға келісемін. Болмаса заң шеңберінде қатаң жаза тағайындауды сұраймын" деді ол.

Ардақ Әшімнің сенімді өкілі Айнұр Әшімнің іспен әлі таныспауына байланысты судья істі қарауды маусымның 4-іне қалдырды.
Судья Қанат Мылтықбаев Сүйін Абулда жеке шағымында моральдық өтемақы талап етіп жатқанын ескертті.

Оқи отырыңыз: Сот Ардақ Әшімнің қылмыстық ісін тоқтатып, мәжбүрлі емдеуге жіберді

Мамырдың 10-ында Шымкенттің Абай аудандық соты Ардақ Әшімнің үсінен "араздық тудыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатып, оны психиатрда мәжбүрлі түрде амбулаторлық емдеу үкімін шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG