Accessibility links

БАҚ: Ақ үй Трамп пен Путиннің кездесуіне қамданып жатыр


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Дананг, Вьетнам, 11 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Дананг, Вьетнам, 11 қараша 2017 жыл.

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне дайындық жүргізіп жатыр деп хабарлады Wall Street Journal. Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, Мәскеудегі АҚШ елшісі Джон Хантсман осы аптада Вашингтонда болғанда екі ел басшыларының кездесуіне дайындық жайы талқыланған.

Тараптар әзірге кездесудің өтетін уақыты мен орны туралы келіспеген деп жазады басылым.


Бұл кездесудің мақсаты – АҚШ пен Ресей арасындағы «ұзаққа созылған келіспеушілікті» еңсеру дейді дереккөздер. Алайда, олардың айтуынша, әңгіме «үлкен келісімге келу» жайлы емес, бірнеше нақты проблеманы шешу жолдарын табу туралы болып отыр. Олардың арасында – Сирия, Украина және ядролық қаруға бақылау мәселелері бар.

Осының алдында Ақ үй бұған наурыз айында Трамп пен Путин телефонмен сөйлескен кезде ықтимал кездесу жайын талқылағаны туралы хабарлаған.

Трамп Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатқысы келетіні туралы бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген. Сонымен бірге ол Ресейді Сирияға қатысты саясаты үшін сынаған, ал Ақ үй Кремльге қарсы қосымша санкциялар енгізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG