Accessibility links

БАҚ: АҚШ "Солтүстік ағын-2" жобасына қатысушыларға санкция енгізбек


Германия жағалауына жақын маңдағы Балтық теңізі табанымен "Солтүстік ағын-2" газ құбыры құрылысын салу жұмыстары.
Германия жағалауына жақын маңдағы Балтық теңізі табанымен "Солтүстік ағын-2" газ құбыры құрылысын салу жұмыстары.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі "Солтүстік ағын - 2" газ құбырын салу құрылысына қатысып жатқан Германия мен өзге де еуропалық елдердің энергетикалық компанияларына қарсы санкция дайындап жатыр.

Америкалық Foreign Policy басылымының өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Ақ үй "Солтүстік ағын - 2" құбыр жобасына тосқауыл қоюдың басқа да жолдарын қарастырған, бірақ президент әкімшілігіндегі негізгі тұлғалардың көбі санкция салуды дұрыс санайды. Осылай ойлайтындар АҚШ Конгресінде де көп.


Вашингтон мен Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі Ресейден Германияға тікелей тасымалданатын газ көлемін екі есе арттыруға арналған "Солтүстік ағын - 2" құбыр жобасы Батыс Еуропаны Ресейдің табиғи энергия ресурстарына тәуелділігін бұрынғыдан да күшейте түседі деп қауіптенеді.

Өткен аптада Германия сыртқы істер министрі Хайко Маастың Вашингтонға сапары кезінде АҚШ-тың Еуропадан келетін болат пен аллюминийге баж алымын көтеру, АҚШ-тың Иранмен 2015 шілдеде жасалған ядролық келісімнен біржақты түрде шығуы және "Солтүстік ағын - 2" құбыр жобасына қатысты өте тартысты дау өрбіген.

"Солтүстік ағын-2" құбыры Ресейде өндірілген табиғи газды Украина мен Польша жерінен айналып өтіп, Балтық теңізінің табаны арқылы Батыс Еуропаға жеткізуге арналған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG