Accessibility links

Словенияда парламент сайлауы өтіп жатыр


Словенияның Пиран қаласы. (Көрнекі сурет.)
Словенияның Пиран қаласы. (Көрнекі сурет.)

Словения азаматтары бүгін кезектен тыс парламент сайлауына дауыс беріп жатыр. Reuters агенттігінің қоғамдық сауалнама қорытындысына сілтеме жасап хабарлауынша, шетелдік мигранттарға қарсы ұстанымдағы бұрынғы премьер-министр Янез Яншаның партиясы көп дауыс жинауы мүмкін, әйткенмен партияның өздігінен үкімет құруына аздық етуі ықтимал деген болжам айтылып отыр.

Дауыс беру қарсаңындағы сауалнама қорытындысы Янша басқаратын оңшыл Словения демократиялық партиясын қолдайтын сайлаушылар саны көп екенін байқатқан. Мамырдың 26-ы күні "Дневник" басылымы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, екінші орынды бұрынғы комик Марьян Шарец жетекшілік ететін солшыл центристік қозғалыс алуы мүмкін.


Әдетте байсалды Словения қоғамында Яншаның танымал тұлғаға айналуы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде Таяу Шығыс пен Африкадан барған мигранттар толқынына байланысты саяси сахнаға көтерілген оңшыл популизмнің бұл елге де таралып отырғанын байқатты дейді сарапшылар.

Бұрынғы Югославия құрамында болған Словения 2004 жылы Еуропа Одағына мүше болып кірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG