Accessibility links

Австрия вице-канцлері: Ресейге қарсы санкцияны жою керек


Хайнц-Кристиан Штрахе, Австрия вице-канцлері.
Хайнц-Кристиан Штрахе, Австрия вице-канцлері.

Австрия вице-канцлері әрі оңшыл Еркіндік партиясының жетекшісі Хайнц-Кристиан Штрахе Еуропа Одағының (ЕО) Ресейге қарсы санкцияларын тоқтатуға шақырды. Штрах бұл туралы австриялық "Эстеррайх" газетінде 3 маусым күні жарияланған сұхбатында мәлімдеді. Сұхбат Венаға Ресей президенті Владимир Путиннің сапарлап баруына екі күн қалғанда жарияланып отыр. "Бұл санкцияларды тоқтатып, Ресеймен саяси және экономикалық қатынастарды қалпына келтіретін уақыт жетті" деді Штрахе.

Оның сөзінше, Еуропа Одағы Ресеймен қарым-қатынасын қайта қарап, санкция күшін тоқтату керек.

Хайнц-Кристиан Штрахе ЕО-ның Мәскеуге Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін санкция салғанын қолдамайтынын бұған дейін де айтқан.

АҚШ пен ЕО және басқа да елдер Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алған соң Мәскеуге қарсы санкциялар салған. Бірақ, Австрия Еуропа елдерінің көпшілігі сияқты Ұлыбританияда реесйлік бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен қызы уланған соң Ресей дипломаттарын елден шығарған жоқ. Австрияның коалиция үкіметі Батыс пен Шығыс арасында көпір қызметін атқарғысы келеді. Бірақ канцлер Курц еуропашыл бағытынан таймайтынын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG