Accessibility links

Берлин полициясы соборда пышақ сілтеген адамға оқ атты


Атыс болған Берлин кафедралды соборы алдында тұрған полицейлер. 3 маусым, 2018 жыл.

Берлин кафедралды соборында полиция ер адамға оқ атты. Берлин полициясының Twitter парақшасында 3 маусым күні құқық қорғау органы қызметкері жанжал шығарып, жұртқа пышақ сілтеген адамды басу үшін оқ атқаны хабарланды. 53 жастағы заң бұзушы аяғынан оқ тиіп жараланған.

Сонымен қатар тағы бір полицейдің жараланғаны хабарланды, бірақ оқиғаның қалай болғаны айтылмады. Атыс болған кезде соборда 100 шақты адам жүрген. Полиция оқиғаның терроризммен байланысы барын жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG