Accessibility links

Балтық бойы елдері мен Польшада НАТО әскери жаттығуы өтіп жатыр


Польшадағы НАТО әскері (Көрнекі сурет).

Балтық бойы елдері мен Польшада НАТО әскери жаттығуы өтіп жатыр. Sabre Strike деп аталатын жаттығуға 19 мемлекеттен 18 мың әскери қызметкер қатысуда. 3 маусымда басталған жаттығу 15 маусымға дейін жалғасады. Польша елде АҚШ тұрақты әскери континтентін орналастыру туралы ұсынысты қарастыратынын мәлімдеген. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Германия мен Италия да АҚШ әскерін орналастырған.

Польшадағы НАТО контингентінің көбін америкалық әскерилер құрайды. Ал одақтастар - Германия, Ұлыбритания және Канада НАТО-ның Балтық бойы елдері - Эстония, Латвия және Литвадағы үш әскери бөлімдеріне басшылық жасайды.

АҚШ-тың Еуропадағы құрлықтағы әскер қолбасшылығы таратқан мәлімдемесінде "Ұзақ мерзімдік бірлескен жаттығу өткізу әскери дайындықты күшейту және одақтастар менаймақтағы серіктестер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру тұрғысынан маңызды" делінген.

Мәлімдемеде АҚШ жетекшілік ететін маневрлер "НАТО-ның кез-келген агрессияға осылайша жауап қатуға қабілетті екенін көрсететіні" айтылады.

Польша Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Варшава Польшада АҚШ танк бөлімшесін тұрақты түрде ұстау шығынына бір жарымнан екі миллиард долларға дейін қаржы жұмсауға дайын.

АҚШ пен НАТО Ресей 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткен соң Польша мен шығыстағы аймақтарындағы әскери әлеуетін күшейтуге кіріскен.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG