Accessibility links

Алматыда "менингококк жұқтырған" күдікті ер адам көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ер адам көз жұмды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Серігі Азат Әбдікәрімовтің айтуынша, 27 жастағы Олжас Сүлейменов 3 маусым күні таңертең көз жұмған.

"Оның дене қызуы жоғарылаған. 2 мусым күні жедел жәрдем көлігі оны жұқпалы аурулар ауруханасына алып кеткен. Ол жерде науқастың жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырып тұрғанын, үйінен емделуге болатынын айтып, дәрілер жазып берген. Үйінде жағдайы нашарлап, тағы жедел жәрдем шақыртқан. Кеше таңертең көз жұмды" деген Азат Әбдікәрімов.

Қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті Олжас Сүлейменовтің қайтыс болғанын растады.

Алматыда бұған дейін менингококк инфекциясынан бес адам (екеуі - балалар), Алматы облысында үш адам көз жұмғаны хабарланған.

Бүгін түске дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясымен 58 адам ауырып, 12 адам қайтыс болғанын хабарлаған. Оның айтуынша, елде бұл қатерлі дертке байланысты карантин жариялауға әзірге негіз жоқ.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG