Accessibility links

Қазақстан этноолимпиада өткізуге өтініш білдірді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстан ұлттық спорт түрлерінен бірінші рет Олимпиада өткізуге өтініш түсірді деп хабарлады осы елдің спорт және мәдениет министрлігі жанындағы спорт комитеті.

Аталған комитеттің мәліметінше, 2021 жылы ЮНЕСКО бірінші рет әлемдік этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан мұндай спорт оқиғасын өз елінде өткізуді қалайтын төрт елдің бірі болып тұр. Этноспорт ойындарын өткізуге ниетті өзге үш ел - Түркия, Канада және Оңтүстік Корея.


ЮНЕСКО-ның дәстүрлі спорт түрлері жөніндегі комитетінің үйлестірушісі Марселлин Делли Олимпиада ойындарын Қазақстанда өткізуге үлкен мүмкіндік барын мәлімдеген.

"Біз Қазақстанмен бұрыннан әріптеспіз. Бұл жерде ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде өтетініне күмәніміз жоқ. Жақын уақытта бұл жоба бойынша іске кірісеміз" - деді ол.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG