Accessibility links

Сот Азаттықтың Әзербайжан редакциясы сайтын бұғаттан шығармады


АЕ/АР Әзербайжан редакциясы сайтының логотипі. Көрнекі сурет.

Баку кассациялық соты "Азат Еуропа / Азаттық Радиосы" (АЕ/АР) Әзербайжан редакциясының өз вебсайтын (azadliq.org) бұғаттау туралы сот шешіміне берген шағымын қанағаттандырмай тастады.

Әзербайжанның Коммуникация және жоғары технологиялар министрлігі 2017 жылдың наурызында Бас прокуратураның пәрменімен Азаттықтың Әзербайжан редакциясының сайтын бұғаттаған. Прокуратура сайтты "елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп санайды.

azadliq.org сайтынан өзге "Азадлык" газеті, Meidan TV телеарнасы және өзге екі интернет телеарнасы бағдарламасы да бұғатталған.


Былтыр 27 сәуірде АЕ/АР Әзербайжан редакциясының сайтын бұғаттау туралы сот шешіміне берген шағымы қарала бастаған соң Баку соты 12 мамырда коммуникация мен жоғары технологиялар министрлігінің вебсайттарды бұғаттау туралы сотқа берген талабы орындалуы тиіс деген шешім шығарған.

АЕ/АР бұл сот шешіміне шағымданған. Медиакорпорация президенті Томас Кент 12 мамырда сот шешімін "елде вебсайттың хабар таратуын шектеуді көздейтін кампанияның бір бөлігі" деп атаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG