Accessibility links

Қытай АҚШ-қа барлық сауда келісімінен шығатынын ескертті


АҚШ пен Қытай тулары (Көрнекі сурет).
АҚШ пен Қытай тулары (Көрнекі сурет).

Қытай егер Вашингтон Пекинге қатысты жаңа салық пен өзге шаралар енгізетін болса, АҚШ-пен жасалған барлық ынтымақтастық және сауда келісімінен шығамыз деп сес көрсетті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Өткен жексенбіде Пекинде АҚШ сауда министрі Уилбур Росс пен Қытай мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ келіссөз өткізіп, ол нәтижесіз аяқталған.

Бірақ Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чунинг "Қытай АҚШ-пен диалогқа әрдайым ашық" екенін айтты.

Reuters Қытайдың мемлекеттік China Daily газетіне сілтеме жасайды. Қытай басылымы "Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық байланыста өзара қарым-қатынас пен әділдік болса дейді. Бірақ ол әлі күнге дейін АҚШ-тың экономикалық мүмкіндігін пайдаланып, Қытаймен қарым-қатынаста тек пайда іздейді" деп жазған.

Қытайдың өзге Global Times мемлекеттік басылымы да "Қытай келіссөзде АҚШ мүддесіне жығыла бермейтінін" айтқан.

Дональд Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы қазіргі сауда байланысы АҚШ үшін тиімсіз деп бірнеше рет мәлімдеген.

Пекинмен келіспеушілік тұсында АҚШ президенті Еуропа Одағы, Канада және Мексикадан шығатын құрыш пен алюминийге қосымша салық енгізді. АҚШ-тың одақтастары саналатын аталған мемлекеттер жауап ретінде америкалық тауарларға қосымша тариф енгізетіндерін мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG