Accessibility links

Талдықорғанда менингококк инфекциясынан студент көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Талдықорғанда 17 жастағы студент менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің хабарлауынша, студент 3 маусым күні Талдықорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде түсіп, 4 маусым күні көз жұмған.

"Ауруханаға түскенінде жағдайы ауыр болды. Бірден жансақтау бөліміне ауыстырылды. Кеше кешке жақын сол бөлімде жан тапсырды" деп хабарлады Жүкел.

Алматы облысында бұған дейін менингококк инфекциясынан үш адам, Алматы қаласында бес адам (екеуі - балалар) көз жұмғаны хабарланған.

4 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясымен 58 адам ауырып, 12 адам қайтыс болғанын хабарлаған. Оның айтуынша, елде бұл қатерлі дертке байланысты карантин жариялауға әзірге негіз жоқ.

Менингококк инфекциясын Neisseria meningitidis бактериялары қоздырады, ауру түрлі клиникалық белгілермен пайда болады – инфекцияны таратушыда оның белгілері білінбеуі де мүмкін немесе мұрын-жұтқыншақ қабынуы, ми қабығының қабынуы және менингококтық сепсис түрінде өрбиді деп ескертеді дәрігерлер.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG