Accessibility links

АҚШ дипломаты Ресей, Қазақстан және Қырғызстанға сапарлайды


Мәскеудегі АҚШ елшілігі алдында виза алуға кезекте тұрған адамдар (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі АҚШ елшілігі алдында виза алуға кезекте тұрған адамдар (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік хатшысының консулдық мәселелер бойынша көмекшісі Карл Риш 3-9 маусым күндері Ресей, Қазақстан және Қырғызстанға жасайтын сапарында әріптестерімен АҚШ визасы және консулдық қорғаумен байланысты мәселелер бойынша екіжақты келіссөз өткізеді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, ол сонымен қатар Мәскеуде жаңа консулдық бөлімнің ашылуына қатысады.

Карл Риш Мәскеуге сапарында Ресей Сыртқы істер министрлігі өкілдерімен де кездеседі деп хабарлады америкалық дипломатиялық миссия өкілі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG