Accessibility links

Департамент: ОҚО-да менингитке қарсы екпе жоқ


Нұрбек Нышанов (оң жақта), Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы. Шымкент, 5 маусым 2018 жыл.
Нұрбек Нышанов (оң жақта), Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы. Шымкент, 5 маусым 2018 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысында менингококк инфекциясына қарсы салатын екпе жоқ, ақылы түрде салатын екпе де таусылған. Бұл туралы маусымның 5-і күні Шымкентте өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов хабарлады.

Нұрбек Нышановтың айтуынша, аталған инфекцияға қарсы екпе жылда тек қажылыққа баратындарға, оның өзінде ақылы түрде салынады. Оның сөзінше, жылда бұл екпе 300-350 адамға ғана салынады.

Нышанов 2018 жылдың алғашқы бес айында менингококк инфекциясын төрт адам жұқтырғанын, олардың екеуі қайтыс болғанын айтты.

- Екі науқас емделіп шықты. Қайтыс болғандар - балалар, бірі - жеті, екіншісі - екі жаста. Көз жұмған балалардың ауруы жедел басталған. Дәрігерлерге кеш қаралған, бір күнде қайтыс болып кеткен, - дейді Нұрбек Нышанов.

Ресми мәлімет бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы 32 адам, 2017 жылы 12 адам менингококк инфекциясын жұқтырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG