Accessibility links

Сағынтаев: Азаматтар ауруханада еркін қарала алатын болсын


Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 5 маусым күні менингитпен ауырғандар саны көбейе бастауына байланысты аймақтардағы жағдайды "бақылауға алу" және азаматтардың ауруханаларда тегін медициналық көмекті уақытында алуына жағдай жасау қажетін мәлімдеді.

"Науқастар саны көбейіп барады. Қайғылы жағдайлар да болып жатыр. Түсініктеме беруді сұраймын" деді Сағынтаев 5 маусым күні Астанада үкімет отырысында. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың баяндамасынан соң премьер-министр денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдегеі менингитке қарсы екпенің бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. Ол сонымен қатар министрлікті азаматтарға "әрбір жағдайға" қатысты ақпарат беріп отыруға шақырды.

Бұған дейін парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де менингококк инфекциясының алдын алу шараларының көңілге қонбайтынын және сенат депутаттары бұған қатысты үкіметке қайырылатынын мәлімдеген.

Бүгін денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин министрлік "дерттің таралуын тоқтату үшін барлық шараны жасап жатқанын" айтқан.

Қазақстанда жыл басынан бері ресми мәлімет бойынша менингиттен кем дегенде 12 адам қаза тапты. 4 маусым күні кешке Талдықорғанда 17 жастағы колледж студенті осы дерттен көз жұмғаны хабарланған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде биыл менингитпен 58 адам ауырған. Менингококк жұқтырған науқастармен байланыста болған 4136 адамға ем-дом жасалған.

Елжан Біртанов 4 маусым күні Астанада өткен брифингте елде карантин енгізуге әзірге негіз жоғын мәлімдеген.

Видео: Менингиттен шетінеген бала (04.06.2018)

Менингиттен шетінеген бала
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:11 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG