Accessibility links

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында жанжал болды


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған жанжалдан кейінгі сәт. 5 маусым 2018 жыл.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған жанжалдан кейінгі сәт. 5 маусым 2018 жыл.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының даулы бөлігінде екі ел шекарашылары арасында жанжал болды.

Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, оқиға 5 маусым күні Баткен облысының Лейлек ауданында қырғыз шаруалары өз өнімдерін шекараның даулы аумағында сата бастаған соң болған. Қырғыз шекарашылары оқ атылып, жанжал шыққан соң қарулы үш тәжік шекарашысын аз уақыт ұстап, қайтадан жіберген. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Тәжікстанның Соғды облысы басшысының орынбасары Рустам Рахматзода Азаттыққа Қырғызстан билігі екі ел шенеуніктері арасындағы келіссөзден соң үш тәжік шекарашысын босатқанын хабарлады. Рахматзода шекарадағы жағдай қазір тыныш және екі ел шекарашыларының бақылауында екенін айтты.

Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы шекрада жанжал жиі болады. 1991 жылы Совет одағы ыдыраған соң құрылған шекарада даулы қай елге тиесілі екені анықталмаған даулы аумақ көп.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG