Accessibility links

Бішкектің экс-мэрі Кулматов қамалды


Бішкек қаласының экс-мэрі Кубанычбек Кулматов.

5 маусымда Бішкек қаласының экс-мэрі Кубанычбек Кулматов қамауға алынды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Кулматовты қамау туралы шешімді Бішкектегі Первомайский аудандық соты шығарған. "Жемқорлық" айыбымен күдікке ілінген экс-мэр қамауда тергеу аяқталғанға дейін отырады.

Кулматовқа 18 мамырда "Коррупция" бабымен айып тағылып, дүние- мүлкі бұғатталған. Тергеу дерегінше, Кулматов Бішкек қаласын басқарып тұрғанда Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісіне бөлінген 2 миллион долларды заңсыз пайдаланған. Кулматов өзіне тағылған айыпты мойынамайды.

5 маусымда Қырғызстан бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков та қамауға алынған. Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында "сыбайлас жемқорлық" айыбы тағылған. ​Ол да өзіне тағылған айыппен келіспейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 22.01.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
XS
SM
MD
LG