Accessibility links

Польша: Лех Качинский ұшағы бортында жарылыс белгілері табылды


Смоленск түбінде құлаған Польшаның Ту-154М ұшағы. 14 сәуір 2010 жыл.
Смоленск түбінде құлаған Польшаның Ту-154М ұшағы. 14 сәуір 2010 жыл.

Польшаның Ресейдің Смоленск қаласы түбінде құлаған Ту-154 ұшағы апатын тексеру комиссиясы апат құрбандарының бірінің мәйітінде жарылғыш зат қалдықтарын тапқан. Бұл туралы тергеушілерге сілтеме жасаған польшалық PAP ақпарат агенттігі хабарлады. Жарылғыш зат іздері ұшақ сынықтарында да табылған, бірақ ұшақ құлаған орыннан табылмаған.

2018 жылы сәуірде комиссия жаңа есебін жариялап, апатқа ұшақ бортындағы жарылыс басты себеп болғанын айтқан. 2011 жылы жарияланған есепте апат экипаждың қателігінен болды делінген қорытынды жасалған еді. Бұл құжат жойылды.

2010 жылы Польшаның Ту-154М жолаушылар ұшағы Смоленск түбінде апатқа ұшырап, бортта болған 96 адам, оның ішінде Польша президенті Лех Качинский қаза тапқан. Ұшақта негізінен үкімет мүшелері, әскерилер мен басқа да лауазымды тұлғалар болған. Апат себебін тергеу әлі жалғасып жатыр. Польша тергеу комиссиясы ұшақ корпусына мина қойылғанын мәлімдеген. Ресей билігі ұшақ "ұшқыштың қателігінен" апатқа ұшырағанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG