Accessibility links

Facebook Huawei-мен қолданушы мәліметі туралы келісімін бұзады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Facebook компаниясы қытайлық Huawei компаниясымен қолданушылардың дербес деректерін беру туралы 2010 жылы жасалған келісімді осы аптаның соңына дейін бұзады деп хабарлады The New York Times басылымы.

Бұған дейін АҚШ билігі Huawei-дің Қытай билігімен ынтымақтастық орнатқанын айтып, компания АҚШ-тағы қолданушыларға қауіп төндіретінін мәлімдеген.

Бірер күн бұрын The New York Times соңғы 10 жылда Facebook телефон жасайтын кем дегенде 60 компания, оның ішінде Apple, Samsung, Amazon, BlackBerry және Microsoft компанияларымен келісім жасасқанын хабарлаған. Аталған компаниялар келісім арқасында әлеуметтік желі қолданушыларының жеке бас мәліметтеріне олардың келісімінсіз қол жеткізген.

Facebook өкілдері телефон жасаушы компаниялармен жасалған барлық келісімдер компания ережелеріне және АҚШ билігінің талаптарына сай келетінін айтады. Компания бұдан өзге, келісім қолданыста болған кезден бері алынған мәліметтерді теріс мақсатқа пайдаланған бір де бір оқиға болмағанын айтады.


Биыл наурыздың басында британдық Cambridge Analytica компаниясы Facebook қолданушыларының мәліметтерін түрлі елдердегі саяси жарнамаларда пайдалануға жинағаны әшкере болған. Соңғы мәліметтер бойынша, Cambridge Analytica әлеуметтік желінің 87 миллион қолданушысының ақпаратына қол жеткізген. Cambridge Analytica-дағы жағдайға байланысты Facebook-тің негізін салушы әрі басшысы Марк Цукерберг АҚШ Конгресінде және Еуропарламентте жауап беруге мәжбүр болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG