Accessibility links

АЕ/АР басшысы Әзербайжан сотының тыйым салу шешіміне қынжылды


"Азат Еуропа / Азаттық Радиосы" медиакорпорациясының президенті.
"Азат Еуропа / Азаттық Радиосы" медиакорпорациясының президенті.

"Азат Еуропа / Азаттық Радиосы" (АЕ/АР) медиакорпорациясы Әзербайжан Жоғарғы сотының 4 маусымда биліктің корпорацияның Әзербайжан редакциясы вебсайтын бұғаттау туралы шешімін қолдағанына қынжылды. АЕ/АР мәлімдемесінде сот шешімі сөз бостандығы ұстанымдарын бұзатынын айтып, шешімге шағымданудың барлық заңды жолдарын пайдаланатынын айтады.

"2014 жылы Әзербайжан билігі заң нормаларын ескерместен, Бакудегі бюромызды жапқан кезде біз басқа да тәуелсіз БАҚ сияқты өзімізге қауіп төніп тұрғанын аңғардық. Әзербайжан Жоғарғы сотының жаңа қаулысы мұны растап отыр. Әзербайжанда мемлекеттік билік тәуелсіз БАҚ-ты басып-жаныштауға қолданылады" деді АЕ/АР президенті Томас Кент.

Әзербайжанның Коммуникация және жоғары технологиялар министрлігі 2017 жылдың наурызында Бас прокуратураның пәрменімен Азаттықтың Әзербайжан редакциясы сайтын (azadliq.org) бұғаттаған. Прокуратура сайтты "елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деп санайды.

azadliq.org сайтынан өзге "Азадлык" газеті, Meidan TV телеарнасы және өзге екі интернет телеарнасы бағдарламасы да бұғатталған.

Былтыр 27 сәуірде АЕ/АР Әзербайжан редакциясының сайтын бұғаттау туралы сот шешіміне берген шағымы қарала бастаған соң Баку соты 12 мамырда коммуникация мен жоғары технологиялар министрлігінің вебсайттарды бұғаттау туралы сотқа берген талабы орындалуы тиіс деген шешім шығарған.

АЕ/АР бұл сот шешіміне шағымданып, 4 маусымда жоғарғы сот алдыңғы сот шешімін күшінде қалдырған.

Әзербайжан жоғарғы сотының шешіміне енді ел ішінде шағымдануға мүмкіндік жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG