Accessibility links

АҚШ пен Солтүстік Корея дипломаттары тағы да кездесті


Солтүстік Корея вице-президенті Ким Ен Чхоль (сол жақта) Нью-Йоркте АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесіп тұр. 31 мамыр 2018 жыл (Көрнекі сурет).

АҚШ пен Солтүстік Корея дипломаттары 6 маусым күні Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея шекарасындағы Пханмунджом елді мекенінде Сингапурде өтетін саммитке дайындықты талқылау үшін тағы да жұмыс бабымен кездесті.

Оңтүстік кореялық Yonhap агенттігінің хабарлауынша, АҚШ делегациясын осы елдің Филиппиндегі елшісі әрі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша бұрынғы арнайы өкілі Сон Ким, ал Солтүстік Корея делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Чхве Сон Хи бастап барған.

Осыған дейін Солтүстік Корея мен АҚШ өкілдері саммитке дайындықты пысықтау үшін бес рет жұмыс бабымен кездескен.


АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада 12 маусымда Сингапурде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесетінін растаған. Трамп бұған қоса әзірге саммит кезінде қандай да бір құжатқа қол қою жоспары жоғын айтқан. АҚШ президентінің сөзінше, ол бұдан былай Солтүстік Кореяға "барынша қысым көрсету" терминін қолданғысы келмейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG