Accessibility links

Бюро: Ұлттық компаниялардың бірнеше басшысы ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада ұлттық компаниялардың жоғары лауазымды бірнеше басшысы "ірі көлемде пара алды" деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдулла.

Оның сөзінше, қазір 32 адамның, оның ішінде мемлекеттік органдардың 15 бірінші басшысының және республикалық маңызы бар органдардың бес басшысының үстінен тергеу жүргізіліп жатыр.

Баспасөз мәслихатында сөйлеген департамент басшысы бұл туралы таяу күндері толық хабарланатынын айтып, ұсталғандардың аты-жөнін атамады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG