Accessibility links

Ақтөбе облысы: Алғадағы балалар үйі жабылады


Ақтөбе облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының Алға қаласындағы облыстық балалар үйі жабылатын болды. Алға балалар үйінің директоры Кенжеғазы Байғазиннің Азаттыққа хабарлауынша, балалар үйінің 51 тәрбиеленушісі Ақтөбе қаласынан ашылатын балаларды қолдау орталығына орналастырылады.

- Тәрбиеленушілердің 21-і биыл аттестат алды. Қалғандары әзірше жазғы демалыс лагерінде. Қыркүйектен бастап олар Ақтөбедегі балаларды қолдау орталығында тәрбиеленеді. 2004 жылы Алға балалар үйінде 578 тәрбиеленуші болған. Кейінгі жылдары бала саны азайғандықтан жетімдер үйін оңтайландыру қажеттілігі туындап отыр, - дейдіоблыстық балалар үйінің директоры Кенжеғазы Байғазин.

Алға балалар үйі 1927 жылы ашылған. Жетімдер үйі о баста Алғаның іргесіндегі Тамды ауылында болған, кейін аудан орталығына көшірілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG