Accessibility links

38 North: Пхеньян негізгі әскери полигонын бұзды


Солтүстік Корея зымыраны (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея зымыраны (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран қозғалтқышын сынайтын негізгі Ихари полигонын бұзды деп хабарлады АҚШ сарапшыларына сілтеме жасаған арнайы 38 North сайты.

38 North хабарламасында сарапшылар полигон жойылғанын спутниктен түсірілген суреттерге қарап анықтағаны айтылады. Бірақ Солтүстік Корея әскери нысанды жоюымен зымыран бағдарламасын тоқтатқаны, я тоқтатпағаны әзірге белгісіз.

38 North дереккөздері полигонды бұзу жұмыстары мамырдың басында басталып, 19 мамыр күні аяқталғанын айтады. Сайт мәліметінше, былтыр ақпан айында Ихари полигонында қатты отынмен ұшатын "Пуккыксон-2" зымыраны сыналған.

Мамырдың соңында Пхеньян Пхунгери ядролық полигонында зымыран сынайтын үш шахтасын жойғанын хабарлаған. Полигонды жабу туралы уағдаластық сәуірдің соңында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Иннің кездесуінде жасалған. Ол кезде саясаткерлер екі ел арасындағы соғысты ресми түрде тоқтататын бейбіт келісімге қол қою ниеті барын мәлімдеген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG