Accessibility links

Путин: Пхеньян АҚШ-тан қауіпсіздігіне кепілдік беруді талап етеді


Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың мемлекеттік Орталық радио-телевизия станциясы басшысы Шэнь Хайсюнге сұхбат беріп отыр. Мәскеу, 6 маусым 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың мемлекеттік Орталық радио-телевизия станциясы басшысы Шэнь Хайсюнге сұхбат беріп отыр. Мәскеу, 6 маусым 2018 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ Пхеньяннің ядролық қарудан толық арылғанын қаласа, онда Солтүстік Кореяның "қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс" деп мәлімдеді.

Путин Қытайдың мемлекеттік Орталық радио-телевизия станциясында 6 маусым күні жарияланған сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын арасында 12 маусымға жоспарланған кездесу "оң нәтиже береді" деп үміттенетінін айтты.

Путин Солтүстік Корея басшылығы саммит алдында "бұрын-соңды болмаған" бірнеше қадам жасағанын айтты. Ол Пхеньянның зымыран және ядролық қару сынауды тоқтатып, ядролық сынақ полигонын бұзуы "ниеті оң екенін көрсететінін" айтты.

Ресей президенті бұған қоса Дональд Трампты Ким Чен Ынмен кездесуге шешім қабылдағаны үшін "батылдық пен көрегендік танытты" деп мақтады.

Бірақ ол Вашингтон егер Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды түгел жою үшін Ким Чен Ын ядролық қарудан бас тартуы тиіс деген талабынан айнымайтынын болса, онда Пхеньян қауіпсіздігіне абсалютті кепілдік берілуін" талап ететінін айтты.

"Бұл, әсіресе, Ливиядағы қайғылы жағдайдан кейін басқалай болуы мүмкін емес" деді Путин. Ол бұл сөзінде Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді ядролық қарудан бас тартуға келіскен соң Ливия көтерілісшілерінің НАТО көмегімен биліктен тайдырғанын меңзеді.

"Солтүстік кореялықтар көз алдында не болып жатқанын көріп отыр, сондықтан олар әлбетте, қандай да бір кепілдіктер талап етеді" деді Путин.

Өткен аптада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ким Чен Ынмен кездесіп, Трамппен алдағы кездесу жайын талқылаған.

Солтүстік Корея министрлері де Каддафиді мысалға келтіріп, Пхеньянның Ливия сияқты ядролық қарудан толық бас тартуға келіспейтінін айтқан. Бірақ АҚШ өкілдері Ким Чен Ын алдағы саммитте келісім жасалуы үшін ядролық қарудан мүлдем бас тартуы тиіс екенін бірнеше рет қайталаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG