Accessibility links

Бекшин: Менингитпен сырқаттану азая бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда менингококк инфекциясымен ауыру көрсеткіші шегіне жетіп, біртіндеп түсе бастады деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Астанада брифинг өткізген Бекшин қазір менингитпен ауырғандар саны азая бастағанын, 17-аптада ауыру шегіне жеткенін, бір аптада республикада 13 адам ауырғанын айтты.

Бұл менингитпен ауырудың азая бастағанын көрсетеді" деді Бекшин.

Ол қазір республикада 24, оның ішінде Алматыда 12 науқас емделіп жатқанын, 14 науқас ауруханадан шығарылғанын айтты.

"Алматы облысы мен Астанада үш бала жансақтау бөлімінде жатыр. Алматыда менингитпен жансақтау бөлімінде жатқан ешкім жоқ. Қалада қазірге дейін өз еркімен 360-тай адам екпе салдырды. Қазір бізді әсіресе, Алматыда соңғы төрт күнде менингитпен ауырған бір де бір адам тіркелмегені қуантып отыр" деді Жандарбек Бекшин.


Соңғы мәлімет бойынша, республикада 59 адам менингококк инфекциясын жұқтырып, оның 13-і қайтыс болған. Қатерлі дерттен қайтыс болғандардың алтауы - Алматы қаласының, төртеуі - Алматы облысының тұрғындары.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG