Accessibility links

Петропавлда тағы бір апатты үйдің қабырғасы опырылды


Петропавлдағы қабырғасының бір жақ шеті опырылып құлаған апатты үй. 7 маусым 2018 жыл.

Петропавлда Уральская көшесінде орналасқан екі қабатты үйдің қабырғасы опырылып құлады. Тұрғындардың айтуынша, сегіз пәтерлі екі қабатты баспананың бір жақ қабырғасының шеті 7 маусымға қараған түні құлаған. 1953 жылы салынған үй 2014 жылы апатты деп танылған.

Жергілікті билік өкілдері апатты үйде тұрып жатқан тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету жайы қарастырылып жатқанын айтады.

-Екінші подъезде төрт отбасы тұрып жатыр. Екі отбасыға уақытша баспана беріледі. Басқаларына қатысты мәселе қаралып жатыр және баспана беру сұрақтары жақын арада өтетін Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын-үй комиссиясы отырысында қаралады. Нәтижесі жайында міндетті түрде хабарлаймыз,- дейді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының өкілі Бауыржан Бейсембаев.

Уральская 3 мекен-жайында орналасқан үйде төрт отбасында тоғыз адам тұрып жатыр. Бұл үйдің тұрғындары бұған дейін "құлаған үйіндінің астында қаламыз" деп қауіптенетінін айтқан еді.

Видео: Апатты үй тұрғындары: "Барлығы шіріп жатыр"

​Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының дерегінше, Петропавл қаласында 180-ге жуық адам тұрып жатқан 19 апатты үй бар.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG