Accessibility links

Путин: Ресейде сайлаудан соң рақымшылық жасау дәстүрі жоқ


Ресей президенті Владимир Путин тікелей желіде тұрғындар сауалдарына жауап беріп отыр. Мәскеу, 7 маусым 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин тікелей желіде тұрғындар сауалдарына жауап беріп отыр. Мәскеу, 7 маусым 2018 жыл.

Ресейде президент сайлауынан соң рақымшылық жасау дәстүрі қалыптаспаған деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин. Халықпен тікелей желіде тұрғындар сауалдарына жауап берген Путин рақымшылықты парламенттің құзырындағы шара деп, оны сайлаумен байланыстыруға қарсы шықты. Путинге алғаш рет сотталғандарды босату туралы да ұсыныстар да айтылды.

Тікелей желі басталғанда Владимир Путин үкіметтің қазіргі құрамын "ең оңтайлы" деп атады. Президент үкімет құрамына жаңа адамдар тартылғанын, бірақ онда "елдің үдемелі дамуына серпін берген шешім дайындаған адамдар да қалғанын" айтты.

Путин тікелей желіде Ресейде бензин бағасының қымбаттауын "жол беруге болмайтын жағдай" деп атады. Оның сөзінше, қымбаттау энергетика саласында соңғы уақытта енгізілген реттеу тетігінің дәл болмауынан туындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG