Accessibility links

Құқық қорғау қызметін көрсететін мобильдік қосымша таныстырылды


Анар Ибраева, "Қадыр-қасиет" қоғамдық қорының жетекшісі.
Анар Ибраева, "Қадыр-қасиет" қоғамдық қорының жетекшісі.

Астанада маусымның 8-і күні құқық қорғаушылар Қазақстанда құқық қорғау қызметін көрсететін алғашқы мобильдік қосымшасын таныстырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. "Пана" деп аталатын модильдік қосымша "Қадыр-қасиет" қоғамдық қоры және "Сорос-Қазақстан" қорының қолдауымен іске қосылған.

Қосымшада Қазақстанның 18 қаласында тұратын құқық қорғаушылардың аты-жөні мен электрондық пошталары енгізілген. Қосымшаны таныстырған "Қадыр-қасиет" қорының жетекшісі Анар Ибраеваның айтуынша, құқықтық көмекке мұқтаж кез-келген қазақстандық қосымшадан құқық қорғаушыларды іздеп, қажетті құқықтық кеңес ала алып, құқық қорғаушыларды іздей алады.


Қосымшаға word және pdf форматтарында түрлі арыз және шағым үлгілері енгізілген. Қосымшада оларды толтырып, электрондық үкімет порталы арқылы тиісті мемлекеттік органдарға арыз-шағымды тікелей жолдауға болады. Қосымшада сонымен қатар түрлі петициларға қол қою мүмкіндігі де қарастырылған.

"Пана" қосымшасын Play Market және App Store дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG