Accessibility links

WSJ: Путин Венада Трамппен кездескісі келеді


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Вьетнамда өткен Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы саммитінде. Даннанг, 11 қараша 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Вьетнамда өткен Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы саммитінде. Даннанг, 11 қараша 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин таяуда Австрияға барған сапарында осы ел канцлері Себастьян Курцке биыл жазда Венада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуін ұйымдастыруға жәрдемдесуін сұраған. Бұл туралы америкалық Wall Street Journal (WSJ) газеті еуропалық дипломатия арналарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Басылым дерегінше, Курц Путиннің өтінішін Трампқа жеткізуге уәде берген.

Wall Street Journal-дың жазуынша, Ақ үйдегілер қазір Путиннің ұсынысына ойланып жатыр. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі ресейлік агенттікке Трамп пен Путин оңаша кездесу мүмкіндігін бұған дейін де талқылағанын, бірақ әзірге Вашингтон бұған қатысты ешнәрсе айта алмайтынын" хабарлады.

Ресей мен АҚШ президенттері кездесу мүмкіндігін биыл наурызда телефонмен сөйлескенінде талқылаған. Бірақ содан бері кездесуге дайындық шаралары жасалған емес.

Өзін бейтарап ұстайтын Австрияда түрлі халықаралық форумдар жиі ұйымдастырылады. 1961 жылы Австрияда СССР басшысы Никита Хрущев пен АҚШ президенті Джон Кеннеди кездескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG