Accessibility links

Қырғызстан түрмесінде ондаған сотталушы аштық жариялаған


Көрнеукі сурет.
Көрнеукі сурет.

Қырғызстанның Шу облысы Молдовановка ауылында орналасқан №27 түзеу колониясында 59 жазасын өтеуші 5 маусымнан бері аштық жариялап отыр деп хабарлады Қырғызстан Жазаны атқару мемлекеттік қызметі.

Мекеме мәліметі бойынша, жазасын өтеушілер камера есіктерін ашық қалдыру туралы талапқа қарсы шығып, тамақтан бас тартқан. Он адам еріндерін тігіп тастаған деген дерек бар.

Азаптауды болдфрмау жөніндегі ұлттық орталық директоры Нурдин Сулаймановтың айтуынша, орталық қызметкерлері колонияға барып қйтқан. Акцияға қатысушылар азаптау туралы шағым айтпаған. Сулайманов бұл мәселе заң аясында шешілуі тиіс деп есептейді.

Ал колонияда жазасын өтеушілердің туыстары Азаттықтың Қырғыз редакциясына 75 адам аштық жариялағанын хабарлады. Тұтқындардың наразылық танытып жатқанына төрт күн болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG