Accessibility links

Болгария ескі МиГ-тер орнына НАТО ұшақтарын алмақ


МиГ-29 ұшағы.
МиГ-29 ұшағы.

Болгария парламенті маусымның 8-і күні 150 әскери машина сатып алуға, сонымен бірге ескірген советтік МиГ-29 әскери ұшақтарының орнына 16 жаңа немесе қолданыста болған әскери ұшақтар сатып алу үшін екі миллиард доллар (1,6 миллиард еуро) қаржы бөлу туралы жоспарды мақұлдады.

Болгария әскери әуе күштерінде СССР кезінде шығарылған 15 ұшақ бар. Өткен жылы қазанда жаттығулар кезінде болгар ұшқыштары қауіпсіздік мәселесін алға тартып, совет кезіндегі МиГ-29 ұшақтарымен ұшудан бас тартқан. Бұл оқиға жаңа әскери техника сатып алу туралы талқылауларға түркті болған. Болгария әуе күштері басшылығы қолданыста МиГ ұшақтарының тек жетеуінің ғана жағдайы жақсы деп мәлімдеген.


Болгария НАТО ұйымына 2004 жылы қосылған, бірақ содан бері бірнеше үкімет ауысқанымен, МиГ-тердің орнына қандай ұшақтар алу қажет деген мәселе талқылаудан ары аспаған еді.

София енді ескі МиГ-тердің орнына АҚШ, Португалия, Италия, Франция, Швеция мен Израильден ұшақтар сатып алатыны туралы мәлімдеген.

НАТО қатарына кейіннен қабылданған Шығыс Еуропа елдеріне батыс елдерінің қолданыстағы техникасын алуға шақырып келеді. Ал бұған дейін ондаған жылдар бойы СССР-дің ықпалында болған кей елдер әлі күнге дейін ресейлік қару-жарақты пайдаланып жүр. Мысалы, Польша армиясындағы әскери техниканың үштен екісі 1991 жылға дейін шығарылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG