Accessibility links

Аягөздегі әскери бөлімде жас сарбаз қайтыс болған


Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. (Көрнекі сурет.)

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген қостанайлық 21 жастағы Валерий Кружнов белгісіз жағдайда қайтыс болған. Бұл туралы оның туысы Александра Бадакинаға сілтеме жасап "Костанайские новости" басылымы хабарлады. Оның айтуынша, Валерий Кружновтың "ұйықтап жатып қайтыс болғаны" туралы хабарды сарбаздың үй-ішіне маусымның 8-і күні естірткен.

"Ұйықтап жатып қалай қайтыс болғанын ұқпай отырмыз... Көп сұраққа әзірше жауап жоқ", - деген Бадакинаның сөзін келтірген басылым.


Туысының сөзінше, отбасындағы жалғыз бала болып ер жеткен Валерий Кружновты әскери қызметке шақыртқан кезде дәрігерлер оның жүрегінде сырқат барын анықтаған. "Одан армияға барғың келе ме деп сұрағанда Валера: "Егер қажет болса - барамын" деп жауап берген", - дейді Александра Бадакина.

Мамырдың 1-і күні Қазақстан қарулы күштері қатарына міндетті әскери борышын өтеуге Қостанай облысынан шақыртылған Валерий Кружнов бірнеше аптадан соң әскери ант қабылдаған. Ол Аягөздегі "Шығыс" аймақтық әскери басшылығына қарасты 10810 әскери бөлімінде қызмет атқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG