Accessibility links

Ресей ІІМ репрессия құжаттары жойылғанын жоққа шығарды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Зубов совет билігі тұсында қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы архивтегі деректердің (тіркеу карталары) жойылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Шенеуніктің айтуынша, тіркеу карталары қатаң тәртіп бойынша толтырылған есеп құжаты болғандықтан мәңгі сақталуы тиіс. Зубовтың сөзінше, нақты бір тұтқынға қатысты тіркеу картасының жоқ екені туралы мәселені дербес қарастырған жөн болмақ. Бұл туралы Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңестің сайтында жарияланған хабарламада айтылған.


Совет билігі тұсындағы тұтқындардың тіркеу карталарының архивтен жоғалып жатқаны туралы бұған дейін ГУЛАГ тарихы музейіне сілтеме жасап ресейлік "Коммерсант" басылымы хабарлаған болатын. Музей ақпараты бойынша, архивтегі құжаттар 2014 жылы шыққан құпия бұйрық негізінде жойылған. Бұйрықта совет кезінде істі болған, бүгінде 80 жасқа толғандардың жеке іс-құжаттарын жоюға пәрмен берілгені туралы айтылған. Мұндай ақпаратты зерттеуші Сергей Прудовский Магадан облыстық ішкі істер министрлігіне совет кезінде репрессияға ұшыраған адамға қатысты сауал жолдағанда алған. Кейін Прудовский ішкі істер министрлігі бұйрықты дұрыс түсіндірмеген болуы мүмкін деген болжам айтқан.

"Мемориал" құқық қорғау қоғамының дерегінше, Совет Одағы кезінде кемінде 13 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG