Accessibility links

Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті өтіп жатыр


Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары кезекті саммит алдында. Циндао, Қытай, 10 маусым 2018 жыл.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары кезекті саммит алдында. Циндао, Қытай, 10 маусым 2018 жыл.

Қытайдың Циндао қаласында бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Маусымның 9-ы күні саммиттің ашылу рәсімінде Қытай президенті Си Цзиньпин ШЫҰ "бірлігіне" жоғары баға беріп, ұйым жұмысы "бірегей ұстаным әзірлеуге және өзара тиімді әріптестікке" құрылғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Қытайдың маңайындағы елдерге қолданар айласы

Қытай мен Ресейдың жетегіндегі бұл аймақтық ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан мен Пәкістан мүше. Соңғы екеуі ШЫҰ мүшелігіне өткен жылы қабылданған. Ал, Ауғанстан, Беларусь, Иран мен Моңғолия бұл ұйымға бақылаушы ретінде қатысады.

Бұған дейін биылғы саммит аясында ШЫҰ өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ-ОДКБ) мен Тәулесіз мемлекеттер достастығы (ТМД) бойынша әріптестерімен кездесулер өткізген. Аймақтық мемлекетаралық бұл екі ұйымда Ресей негізгі роль атқарады. ШЫҰ, ҰҚШҚ және ТМД терроризм мен есірткі тасымалына қарсы күрес салалары бойынша әріптестікке арналған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.


Сенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Циндаоға жұмыс сапарымен барғаны және ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларымен кездесулерге қатысып, бірлескен құжаттарға қол қоятыны, сонымен бірге бірнеше екіжақты кездесулер өткізетіні туралы хабарлаған.

ШЫҰ-ның келесі саммиті 2019 жылғы маусымда Қырғызстанда өтеді деп жоспарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG