Accessibility links

Трамп: АҚШ G7 коммюникесіне қол қоймайды


Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза ​​Мэй, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Дональд Трамп G7 саммиті кезінде. Канада, 9 маусым 2018 жыл.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза ​​Мэй, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Дональд Трамп G7 саммиті кезінде. Канада, 9 маусым 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Канадада өткен "Үлкен сегіздік" саммитінің қорытынды коммюникесіне қол қоймау туралы АҚШ өкілдеріне тапсырма бергені туралы мәлімдеген. Трамптың Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасына қарағанда, мұндай шешімді ол саммит қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның АҚШ-тың халықаралық сауда мәселелеріне қатысты ұстанымын, соның ішінде металл өнімдеріне баж салығын енгізуін тағы да сынаған соң қабылдаған.

Трюдоның мәлімдемесін "әділетсіз" деп атаған Трамп, АҚШ әлгіндей шараны Канада мен басқа елдерде америкалық тауарға шектеу қойылғандықтан соларға жауап ретінде қабылдағанын айтқан.

G7 саммитінде АҚШ пен серіктес елдер арасында халықаралық сауда мәселелерінен бөлек ғаламдық климатқа қатысты да келіспеушілік болған. Саммитке қатысушылар Трамптың "Үлкен жетілік" қатарына Ресейді қайта қосу туралы идеясын да қолдамаған.


Бұған дейін Канада премьері Трюдо "Үлкен жетілік" елдері – АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания мен Жапония саммиттің қорытынды коммюникесіне қатысты келісімге келгені туралы мәлімдеген. Құжатта барлық елдердің бірыңғай ережеге сүйенетін еркін саудаға бейіл екендігі айтылған.

Алайда президент Трамп саммиттің аяқталуын күтпестен кетіп қалған. Мұны ол маусымның 12-інде Сингапурде өтеді деп жоспарланған Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесуіне дайындалу қажеттігімен түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG