Accessibility links

Трамптың кеңесшісі: Канада АҚШ-тың ту сыртынан соққы жасады


Канада премьер-министрі Джастин Трюдо (сол жақта) мен АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамптың экономика жөніндегі кеңесшісі Ларри Кудлоу Канада премьер-министрі Джастин Трюдоны АҚШ-тың Канадада өткен "Үлкен жетілік" елдері саммитінің қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қоюдан бас тартқанына кінәлады.

Кудлоудың сөзінше, Трюдоның саммиттен кейінгі баспасөз конференциясында сөйлеген сөзі АҚШ-тың "ту сыртынан пышақ ұрғандай" болған. Канада премьері сөзінде Вашингтонды болат пен алюминий импортына баж салығын енгізгені үшін сынаған еді.

Трамптың кеңесшісі президенттің Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның алдында "әлсіздік" танытқысы келмегендіктен қатаң ұстанымда болғанын айтты.


Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де Джастин Трюдоны "әділетсіз" мәлімдеме жасады деп, америкалық делегацияға коммюникеге қол қоймауға пәрмен бергенін жазған. Канада өкілдері Трамптың бұл әрекетіне таңғалыс білдіріп, Трюдоның баспасөз мәслихатында жаңа еш мәлімдеме жасамағанын айтты. Олар АҚШ пен "Үлкен жетілік" елдері арасында баж салығына байланысты келіспеушіліктер барын ешкім жасырмайтынын айтады.

Германия мен Франция да Трамптың ұстанымын қолдамады. Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас 10 маусым күні АҚШ президенті бір ғана твитімен АҚШ пен Еуропа Одағы елдері арасындағы "сенімді бұзғанын жазды.

10 маусымда саммиттің қорытынды коммюникесіне "Үлкен жетілік" елдерінің барлық басшылары қол қояды делінген еді. Құжатта топ құрамындағы барлық елдің еркін сауда жөніндегі ортақ ережелерге адал екені айтылған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Ескі әнұран есіңізде ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG