Accessibility links

Иран: Иракпен шекарада терроршылармен қақтығыс болды


Мохаммад Пакпур, Иран ислам революциясы сақшылар корпусы құрлықтағы күштерінің қолбасшысы.
Мохаммад Пакпур, Иран ислам революциясы сақшылар корпусы құрлықтағы күштерінің қолбасшысы.

Иран ислам революциясы сақшыларының корпусы соңғы күндері Иракпен шекарада бүлікшілермен үш рет жанжал болып, бірнеше адам жараланғанын хабарлады.

"Соңғы күндері елдің батыс және солтүстік-батысындағы шекаралас аймақтарда революцияға қарсы қарақшылар мен терроршылардың шекараға дендей енуге әрекет еткенінің куәсі болдық" деді ислам революциясының сақшылар корпусы құрлықтағы күштерінің қолбасшысы, бригада генералы Мохаммад Пакпур.

Ислам революциясы сақшылар корпусы әдетте Ирандағы шииттік билікке қарсы сүнниттік бүлікшілерді "терроршылар" деп атайды.

Пакпур алғашқы шабуыл 8 маусым күні Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан автономиялық аймағымен шекараға жақын Оснавии ауданында болғанын және оның барысында "жеті бүлікшінің көзі жойылғанын" айтты.

Тағы екі шабуыл 9-10 маусым күндері - бірі Оснавии ауданында, екіншісі оңтүстікке қарай Сарвабад ауданында болған. Пакпур бұл екі жанжалдан алты адам қаза тауып, үш адам жараланғанын, бүлікшілерден қару-жарақ тәркіленгенін хабарлады.

Ол барлау қызметі күдікті солдырларды олар Иран аумағына кірмей тұрып анықтағанын айтады.

2017 жылы маусымда өздерін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларымыз деген топ Тегерандағы Иран парламентіне және қаладан оңтүстікке қарай орналасқан аятолла Рухолла Хомейнидің мавзолейіне шабуыл жасап, 18 адамды өлтірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG