Accessibility links

Жапонияда АҚШ әскери ұшағы апатқа ұшырады


АҚШ әскери-әуе күштерінің F-15 ұшағы (Көрнекі сурет).
АҚШ әскери-әуе күштерінің F-15 ұшағы (Көрнекі сурет).

АҚШ әскерилері Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава аралдары маңында теңізде әскери-әуе күштерінің F-15C ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Әскери-әуе күштері 11 маусымда таратқан мәлімдемесінде ұшқыштың катапультпен секіріп кетіп, тірі қалғаны айтылады. Ұшақ апатының себептері анықталып жатыр.

F-15C ұшағы Окинавадағы Кадена әуе базасынан жаттығу мақсатында ұшып шыққан.

Жапониядағы АҚШ-тың 50 мыңға тарта әскерінің жартысына жуығы Окинавада орналасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG