Accessibility links

Назарбаев ШЫҰ саммитінен соң Путинді қолдауға шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдегі футболдан әлем біріншілігінің ашылу салтанатына осы ел президенті Владимир Путинді "қолдауға баратынын" айтты. Назарбаев бұл туралы 10 маусымда Циндаода өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитінен соң журналистермен кездесуінде мәлімдеді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Назарбаев президенттердің бір-біріне көңіл бөлуінің және сыйлық тартуының маңызды екенін айтқан.

"Қытай төрағасы Владимир Путинді орденмен марапаттады, мен мұны өте қолдаймын. Мұндай жағдайларда барлығымыз Ресей президентін қолдауымыз керек. Мен оған қолдау білдіру үшін футболдан әлем біріншілігінің ашылуына барамын. Кейбіреулері барғысы келмей, бойкот жариялап жатыр. Біз жақын доспыз, біз баруымыз керек. Мемлекет басшылары арасындағы қарым-қатынас түрліше болады, жақын қарым-қатынастан достық пайда болады, бірақ саясаткерлердің достығы - махаббат емес. Саяси, адами достық, екі түрі де бола береді" деді Назарбаев.

Қазақстан президентінің сөзінше, ШЫҰ елдері мемлекет басшыларының жиынында Қазақстан Қытай жағымен 51 жоба бойынша ынтымақтастық орнатуға уағдаласқан.

Оқи отырыңыз: Несие шақыратын сапарда қайтарым жайлы айтылмайды

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG