Accessibility links

Алматыда ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері кездесті


ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлері. Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет)
ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлері. Нью-Йорк, 20 қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет)

Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері. Кездесуде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, министрлер кездесуде орта және жақын қашықтықта әрекет ететін зымырандарды жою туралы келісім жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылданды. Мәлімдеме жобасын Ресей жағы даярлаған.

Бұған қоса министрлер ҰҚШҰ хатшылығы даярлаған "ҰҚШҰ-ның бітімгерлік әлеуетін БҰҰ-ның халықаралық бітімгерлік қызметі мүддесіне қолданудың шарттарын түзу" жол картасына байланысты ұйымның бітімгерлік қызметі мәселелерін де талқылады.

ҰҚШҰ құрамында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG