Accessibility links

Қырғызстан: Ондаған сотталушы аштықтан бас тартпай отыр


Қырғызстандағы түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Шу облысы Молдовановка ауылындағы №27 түзеу мекемесінің тұтқындары аштық акциясын одан ары жалғастырды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Қырғызстан мемлекеттік жазаны атқару қызметінің ақпараты бойынша, 56 сотталушы тамақ ішуден бас тартқан, олардың кейбірі ауызын тігіп тастаған.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл өкілдері 9 маусымда колонияға барып қайтқан. Олардың сөзінше, сотталушылар негізінен түрме қызметкерлеріне шағымданып отыр. Сотталушылар өздерін түрмеде ұстау тәртібін өзгертуді, тексеріс пен тінтуді азайтуды, өздеріне айып изоляторына жабу түрінде әкімшілік жазалау шаралары мен тәртібіне байланысты сөгіс жариялауды қысқартуды және ұялы телефон ұстап жүруге рұқсат беруді талап етеді. Мемлекеттік жазаны атқару қызметі сотталушылардың талаптары тұтқындарды түрмеде ұстау ережелеріне қайшы келетінін айтады.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл өкілдері №27 түрменің басшылығымен, сотталушылар және олардың жетекшілерімен сөйлесіп, аштық акциясын тоқтатуға шақырған. Бірақ сотталушылар одан бас тартқан.

Омбудсмен мәліметінше, 5 маусымда 2800-ге жуық сотталушы отырған №27 түрмеде тоғыз тұтқын ешқандай мәлімдеме жасамай аштық жариялаған. Кейін 60 сотталушы аштық жариялағанын мәлімдеп, тағы 11-і қолын тілген, 10 адам ауызын тіккен. Кейін төрт сотталушы аштықтан бас тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG