Accessibility links

Тбилисиде бірнеше демонстрант ұсталды


Звиад Куправа, Тбилисидегі үкіметке қарсы шеруді ұйымдастырушылардың бірі.

Маусымның 11-і күні Тбилисиде үкіметке қарсы демонстрацияны ұйымдастырушылардың біреуі және үш демонстрант ұсталды деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігі.

Ведомствоның мәлімдеуінше, ұйымдастырушылардың бірі Звиад Куправа мен үш демонстрант "бұзақылық жасағаны және билік өкілдерінің заңды талабына бағынбағаны үшін" ұсталған. Министрлік оларға нақты қандай айып тағылғанын айтпайды.

Тбилисиде үкіметке қарсы шеру 31 мамыр күні соттың былтыр желтоқсанда екі жасөспірімді өлтірді деген екі күдіктіге шығарған үкіміне қарсылық танытудан басталған. Наразылық шеруі 6 маусым күні тоқтап, 9 маусымда қайта басталған.

Кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімдердің бірінің әкесі Заза Саралидзе Звиад Куправа мен өзге үш демонстранттың дереу босатылуын талап етті.

Саралидзе сонымен қатар грузиялықтарды жергілікті уақыт бойынша сағат 2-де басталады деп жоспарланған наразылық акциясына қосылуға шақырды.

Заза Саралидзе мен оның жақтастары бас прокурор мен прокуратураның басқа да қызметкерлері қылмыс жасаған адамдарды қорғаштап отыр және айғақтарды жойып жіберді деп, үкіметтің отставкаға кетуін талап етеді.​

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары 19.10.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG