Accessibility links

Сингапурдегі саммитке дайындық аяқталып қалды


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын қатысатын саммитке дайындықты аяқтау үшін екі елдің ресми өкілдері маусымның 11-і күні Сингапурде кездеседі. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс солтүстік кореялық делегациямен өтетін келіссөзге АҚШ өкілдерін осы елдің Филиппиндегі елшісі бастап баратынын хабарлады. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын Сингапурге маусымның 10-ында жетті.

Президенттердің алғашқы кездесуі 12 маусым күні Сентоса шипажай аралында өтеді деп жоспарланған. Трамп пен Ким Пхеньянның ядролық бағдарламасы мен Корей түбегін ядролық қарудан арылту ұмтылысын талқылайды. Трамп бұл саммитті "Солтүстік Кореяның соңғы мүмкіндігі" екенін айтып, өзіне "сенімді екенін" жеткізген. Ол Ким Чен Ынның ядролық қарудан бас тартуға қаншалықты бел шешкенін "бірнеше минут ішінде-ақ" ұға алатынын мәлімдеген.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Мәскеуде Ислам Каримовке ескерткіш орнатты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG