Accessibility links

Ресей: Волга өзенінде екі қайық соқтығысып, 10 адам қаза тапты


Ресейдегі Волга өзені (Көрнекі сурет)
Ресейдегі Волга өзені (Көрнекі сурет)

Ресейдің Волга өзенінде екі қайық соқтығысып, кем дегенде 10 адам қаза тапты. ТАСС агенттігінің төтенше жағдайлар қызметінің өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, 11 маусым күні кешке өзеннің Волгоград қаласына жақын тұсында баржа мен катамаран соқтығысқан. Сүңгуірлер үш еркек пен алты әйелдің денесін су астынан алып шыққан. Кейін тағы бір адамның денесі судан шығарылған. Бес адам құтқарылған.

Қайықтардың не себепті соқтығысқаны әзірге белгісіз.

Төтенше жағдай қызметінің өкілі бортында 16 адам болған катамаран навигация ережелерімен жүрмей, баржаны байқай алмаған болуы мүмкін екенін айтады.

ТАСС Ресейдің Федералдық теңіз және өзен транспорты агенттігі катамаранның тиісті құжаттары және белгі беретін жарықтары болмағанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG