Accessibility links

Бішкекте Мұратбек Тұңғышбаевты қолдаған пикет өтті


Мұратбек Тұңғышбаев, қазақстандық белсенді.
Мұратбек Тұңғышбаев, қазақстандық белсенді.

Бішкекте 12 маусым күні қырғызстандық азаматтық белсенді Ондуруш Тоқтонасыров Жоғары сот алдында жалғыз өзі пикет өткізіп, Бішкекте қамалған қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға қайтармауды талап етті. Шамамен бір сағатқа созылған акция барысында белсенді Тұңғышбаевты Қазақстан билігі саяси көзқарастарына бола қудалап отырғанын айтып, Қырғызстан билігінің оған саяси баспана беруін сұрады.

Жоғары сот ғимаратының алдында акция өткізіп тұрған белсендіге жергілікті полиция келіп “акция жасауға рұқсатыңыз бар ма?” деп сұрап, сәлден соң кетіп қалған. Жоғары соттан белсендінің талабына байланысты ешкім шықпаған.

13 маусымда Жоғарғы сотта Тұңғышбаевты екі айға қамау туралы шешімге қарсы шағым бойынша сот өтеді.

Қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстан билігінің өтінішімен 10 мамырда Қырғызстанның арнайы қызмет өкілдері ұстаған. 24 мамырда Қырғызстан Бас прокуратурасы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған. Қырғызстанның миграциялық қызметі 5 маусым күні Азаттықтың Қырғыз редакциясына Мұратбек Тұңғышбаевтың өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтінішін қарастырып жатқанын хабарлаған.

Алматының Алмалы аудандық соты 3 мамыр күні Мұратбек Тұңғышбаевты "қылмыстық топтың қызметін қаржыландырды" және сот экстремистік деп таныған ұйымның қызметіне қатысты" деген күдікпен қамау туралы сырттай шешім шығарған. 8 маусымда Алматы қалалық соты оның қамалуын заңсыз деп тану туралы жеке шағымды қанағаттандырмаған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG