Accessibility links

Шымкентте "пара алған" судья сотталды


Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Еркебұлан Төлешов Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал аудандық сотының судьясы Абай Ниязбековке шығарған үкімін оқып тұр. Шымкент, 13 маусым 2018 жыл.

Маусымның 13-і күні Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал аудандық сотының судьясы Абай Ниязбековты мектеп директорынан "500 мың теңге пара алды" деп айыптап, төрт жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Судья Еркебұлан Төлешов Абай Ниязбековті өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыру жазасын кесіп, сот залынан қамауға алуға пәрмен берді. Бұдан соң Абай Ниязбеков сот залынан қамауға алынды.

Сот үкімін тыңдауға сотталушы мен оның адвокаты келді.

Абай Ниязбеков биыл қаңтардың 30-ы күні Мақтарал аудандық сотында өз кабинетінде "пара алып тұрған жерінде" ұсталған. Осы күнге дейін үйқамақта отырған ол Мақтарал ауданындағы Фердауси атындағы мектеп директоры Жанар Мамыровадан хатшысы Ерлан Сатыбалдиев арқылы "500 мың теңге пара алды" деген күдікке ілінген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG